Әлеуметтік жобалар – әлеумет тірегі
Ұлытау облысының елді-мекендерінде мамандар әлеуметтік саладағы бағдарламалар мен жобаларды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Осы апта ішінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері облыстың елді-мекендерінде «Ашық есік» күндерін өткізеді. Кездесулер аясында мамандар әлеуметтік саладағы бағдарламалар мен жобаларға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
Мұндай алғашқы іс-шара Жаңаарқа ауданының Атасу кенті мен Түгіскен ауылында өтті. Азаматтардың сұрақтарына басқарманың бөлім басшылары Л.Әлкебаева мен Л.Амангелдина, сондай-ақ Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ш.Ибраева жауап берді. Ашық есік күніне 30-дан астам тұрғын келді.
Кездесулерде мүгедектікке қатысты бірнеше сұрақтар қойылды. Мәселен, мүгедектігі бар Атасу кентінің азаматтары инватаксидің қажеттілігі туралы айтты. Мемлекеттік гранттар туралы бірнеше сұрақтар қойылды. Мамандар қайтарымсыз гранттың қандай санаттағы азаматтарға берілетінін толық түсіндірді. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша да сұрақтар болды.
Айта кетейік, мұндай «Ашық есік» күндері өңірдің басқа елді-мекендерінде де өткізілетін болады.