Мәжілістегі жеті комитеттің төрағалары сайланды
Мәжілістегі жеті комитеттің төрағалары сайланды:
Асхат Аймағамбетов мәжілістегі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болып сайланды;
Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетті Серік Егізбаев басқарады;
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы – Снежанна Имашева;
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы – Айгүл Құспан;
Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы – Мәди Такиев;
Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы – Еділ Жаңбыршин;
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетін Нұртай Сабильянов басқарады.