Өзекті мәселелер – билік назарында
Өңір басшысы Б.Әбдіғалиұлының төрағалығымен Жезқазғанда өткен арнайы кеңес барысында Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру барысы талқыланды. Онда энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы жобаларға ерекше назар аударылды.
Облыс әкімі әрбір жобаны барлық аспектілер бойынша егжей-тегжейлі қарастыра отырып, Ұлытау өңірді дамытудың Кешенді жоспарын іске асыру бекітілген мерзімдерді сақтап, жүргізілуі тиіс екенін атап өтті. Бұл ретте орындаудың әрбір кезеңіндегі жұмыс барысы жауапты басқармалардың қатаң бақылауында болуға тиіс екені айтылды.
Естеріңізге сала кетейік, кешенді жоспарда 2026 жылға дейін өңірімізді дамытуға бағытталған бірқатар ірі жобаларды іске асыру көзделген. Олардың қатарында Жезқазған және Сәтбаев қалаларында тұрғын үй қорын жаңарту, коммуналдық және инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу, мамандандырылған техникалар сатып алу және т.б. бар.
Айта кетейік, аталған жобалармен жергілікті атқарушы органдар мен «Қазақмыс» корпорациясы бірлесіп жұмыс істейтін болады.