Жаңа Қазақстанды құрудың маңызды қадамы

Күні кеше өткен сайлауға үміт көп. Сайлау болады дегеннен додаға түсуге ниетті 7 партияның атқарамыз деген бағдарламалары мен үміткер кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларын саралап, қарап дауыс берген көпшіліктің ұстанымы жалғыз.

Елдің ынтымағы мен бірлігі ыдырамай, береке бірлікте, бейбіт өмірде ғұмыр кешу. Ел байлығын ысырап етпей, халықтың әлеуметтік жағдайын түзеп, әл-ауқатын көтеру. Жалпы өткен жылдармен бүгінді сараласақ, халықтың тұрмысы түзеліп, мүддесі жоғарылаған. Дегенмен қазынасы қойнауында құт болып жатқан қазақ сахарасының бұдан да қуатты мемлекетке айналуы керектігі айтылуда. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың жолы кесіліп, ел қазынасының пайдасы игілікке жұмсалса деген елдің тілегі көптің тілеуі алдағы уақытта орындалар деген үміттің сәулесі жылтылдайды. Ғаламшарда тыныштық болса, ел ішінде бейбітшілік мызғымай берік болса, ол күнге де жетерміз.
Қазіргі таңда қоғамда барлық адамдардың құқығы бірдейлігі қатты айтылып жүр. Соның бірі мүгедек жандардың қалыпты адамдардан айырмашылығы жоқ екені олардың да жұмыс істеуге, білім алуға, мекеме басқарып, өзінің қабілеттілігін көрсетуге, ортада өзін еркін ұстауға жағдай жасалған. Соңғы жылдары ерекше жандардың қабілетін арттыруға бірнеше бағдарламалар бағытталды. Өткен жылы сенаторлар мүгедектігі бар адамдарды Мәжіліске сайлау туралы заңды қабылдаған болатын.
Биыл Мәжілістен мүгедектігі бар адамдарға алты орын беріліпті. Бұл ерекше қажеттілігі бар жандардың назардан тыс қалмай, еліміздегі болатын өзгерістерге өз үнін қосуы, біз біле бермейтін жағдайлардың алдағы уақытта қоғам талқысына салынатынын бір айғағы.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мүдделі органдарда ерекше жандардың партиялық жұмысқа дайын екендігі сайлауда көрініс тапты. Мүгедектігі бар адамдардың Парламент мәжілісі депутаттығынан орын алуы, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын одан әрі кеңейтуге, олардың қажеттіліктерін қазақстандық қоғам өмірінің барлық салаларында басқа азаматтармен тең іске асыруға бағытталған аса маңызды өзгерістердің бірі екендігі анық.
Жарқын Қазақстанда ел азаматтарының мүддесі тең, мақсаты айқын.

Салтанат АМАНҚЫЗЫ, аудандық «Жаңаарқа» газетінің бас редакторы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *