Тоқаев коттеджде тұратындардың шығыны көбейетінін айтты
Президент олар үшін газ бағасы жоғары болуы қажет деп отыр.
Мемлекет басшысы былтыр тауарлық газ тапшылығына тап болғанымызды еске салды. Бүгінде Қазақстанда газдың бағасы көрші мемлекеттерге қарағанда әлдеқайда арзан. Сондықтан шетелде сияқты әртүрлі тарифтерді енгізу мүмкіндігі қарастырылмақ.
«Төмен тарифтер мен төмен бағалар экономикамызға теріс ықпал етеді. Бөлінген барлық субсидия көрші елдерге босқа кетеді. Қазіргі уақытта зәулім үйлерін күндіз-түні төмен тарифпен жылытатындар үшін жаңа жүйе бойынша газдың текшеметрі қымбатырақ болуға тиіс. Әлеуметтік әділдік дегеніміз – осы», — деді Мемлекет басшысы.