Президент қазба байлықты үнемді пайдалануға шақырды

 

«Қазақстан экономикасы әлі күнге дейін пайдалы қазбаларға тәуелді болып отыр. Яғни, ел экономикасының құрылымы – қарапайым. Шын мәнінде, бізге қарқынды даму үшін күрделі, әртарапты экономикалық құрылым қажет», — деді Тоқаев Парламенттің бірінші сессиясында.

Геологиялық барлау жұмыстарының ойдағыдай жүргізілмеуі — тау-кен өнеркәсібін өркендетуге кедергі келтіріп отыр. Минералды шикізат базасын толықтыру қарқыны бәсеңдеп барады. Оның үстіне қазір игеріліп жатқан кен орындарының қоры сарқыла бастады.

Тоқаев жер қойнауынан шыққан қазынаның қосымша құнын барынша арттыру қажет деп есептейді.

«Оны сапалы және сұранысқа ие тауарға айналдыру өте маңызды», — деді Президент.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *