Ауылда жұмысшыларға арнап үй салған кәсіпкерлерге субсидия беріледі
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ашық НҚА порталында мемлекеттік субсидия беру қағидаларын талқылауға ұсынды.
Субсидия ауданы 100 шаршы метр (1 шаршы метрінің құны 100 мың теңгеден аспайтын) үйдің 50 пайызынан аспайтын бөлігіне беріледі. Ал баспананың ауданы бұдан үлкен болса, 50 шаршы метр бөлігі ғана субсидияланады.