Ұлытау облысының мекемелері мен кәсіпорындары «Жер сағаты» халықаралық акциясына қатысты
Ұлытау облысы Халықаралық «Жер сағаты» акциясын қолдады. Бұл шара жергілікті сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін өтті.
Ұлытау облысы бойынша экология Департаментінің ұйымдастыруымен өткен шараға 40-қа жуық мекемелер мен кәсіпорындар, білім ордалары мен мәдениет ошақтары және бизнес нысандары аталған акцияға қатысты. Олар ғимараттардың жарығын өшіріп, электрмен жұмыс істейтін қондырғыларды тоқ көзінен ажыратты.
Осылайша, облыс тұрғындары экологияның жақсаруына және табиғат ресурстарын үнемді пайдалануға өз үлестерін қосты.