«Қарағанды – Жезқазған» автожолын жөндеу жұмыстары қашан басталады?

Ақтас кентіндегі теміржол өткелінің үстінен өтетін көпір мәселесі көпжылдан бері шешімін таппай келе жатқан-тын. Келер жылдан бастап көлік ағымын реттеу үшін өтпелі жолдың құрылысы басталады. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Қожанов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Сонымен қатар, басқарма басшысы «Қарағанды – Жезқазған» бағытындағы автожолдың құрылысына да тоқталды. – «Қарағанды – Жезқазған» автожолын жөндеу жобасы бүгінгі күні мемлекеттік сараптамадан өтуде. Төрт жолақты жол болады. Биыл жұмыс Жаңаарқадан Қарағандыға қарай 40 шақырым жерде басталады. Жоба шеңберінде Ақтас кентінің маңындағы теміржол өткелінде жол өтпесін салу арқылы кептеліспен байланысты көпжылдық проблема шешілетін болады. Осы учаскеде жобаны іске асыру келесі жылы басталады деп жоспарлануда, – деді Мақсұт Қожанов.

Биыл аймақта облыстық, аудандық және қалалық маңызы бар 734 шақырым автожол жөнделмек. Өңірдегі жол-құрылыс маусымы 1 мамырда басталады.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Оrtalyq.kz

«Қарағанды – Жезқазған» автожолын жөндеу жұмыстары қашан басталады? https://ortalyq.kz/ara-andy-zhez-az-an-avtozholyn-zh-ndeu-zh-mystary-ashan-bastalady/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *