Ұлытау облысының оқушылары Ұлыбританияға екі апталық оқу мен саяхатты жеңіп алды

«Ustaz Ulytau» жобасы аясында «The Ulytau Educational Foundation» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Туған өлкенің экологиясын жақсартатын ғылыми жаңалық» ғылыми жобалар байқауы аяқталды.

Бұл байқаудың бірегейлігі – ғылыми жоба үш тілде орындалуы керек және финалға өткен командалар өздерінің ғылыми жобаларын ағылшын тілінде қорғайды.

Байқау қорытындысы бойынша №8 гимназия (Жезқазған қ.) үшінші орынды иеленді. Оларға бағалы сыйлық – дрон берілді.

Екінші орынды №17 мектеп-лицей (Балқаш қ.) жеңіп алды. Балалар Астанаға, халықаралық канадалық мектепке бір аптаға сапарды жеңіп алды.

Қазылар алқасы бірінші орынды Абай атындағы №4 мектеп-лицейге (Сәтбаев қ.) берді. Байқау жеңімпаздары Ұлыбританияға екі аптаға барады. Мақсаты – оқу және саяхат.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *