Берік Әбдіғалиұлы жалпықалалық сенбілікке қатысты
Ұлытау облысында аумақтарды абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша акциялар басталды.
Өңір басшысы да жалпықалалық сенбілікке шықты. Берік Әбдіғалиұлы Бейбітшілік даңғылындағы аумақты тазартатын әріптестеріне қосылды.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, облыс әкімі Ұлытау жерлестерін өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетуге және өңірде тұрақты негізде өтетін осындай акцияларға белсенді қатысуға шақырды.
Әдеттегідей, мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты – қысқы кезеңнен кейін аумақтарды абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына қоғамның назарын аудару.