Наурыз мейрамын «Ер Төстік» бөбекжайы ерекше шаттықпен қарсы алды

Наурыз — барлық тіршілік атаулы жанданып, табиғаттың қайта түлейтін кезі. Бұл ізгілік пен мейірімділіктің, ынтымақ пен бірліктің, бейбітшілік пен молшылықтың мейрамы. Осынау Наурыз мейрамын ЕрТөстік бөбекжайы жыл сайын ерекше ықыласпен күтеді. Биыл да ЕрТөстік бөбекжайы ерекше шаттықпен қарсы алды.

Ұлттық мереке – Наурыз мейрамына орай түрлі іс-шаралар өткізілді. Ұлттық киім киген қызметкерлер сән түзеп, алаң ажарын ашып, ертемен келген ата – аналарға жақсы көңіл-күй сыйлады. Ата-аналарға ақ дастархан жайылып, наурыз көже мен ыстық бауырсақ тарту етілді. Бөбекжай басшысы Абенова Гүлнар Абаевна ата-аналарды мерекемен құттықтады. Әкелермен ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында «Асық ату», «Көтермек» ойындары ойнатылды.

Ата-аналардың бірі ізгі ниетін білдіріп, наурызға тілек айтып, батасын берсе, бірі ерекше көңіл-күйлерін видеоға түсіріп, жеке парақшаларында бөлісті. Ата-аналарымыз дән риза. Жаңаарқамызды шуағына бөлеген Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа мерейлі шаттық, мол ырыс пен мызғымас ынтымақ сыйласын. Ұлыс оң болсын! Осы мерекемен тұспа-тұс келген мұсылман қауымның қасиетті мерекесі – Рамазан айы да құтты болсын!

Мөлдір АМАНБАЕВА,
«КМҚК «ЕрТөстік» бөбекжайының
қазақ тілі маманы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *