«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, жыл сайынғы «Мерейлі отбасы-2023» ұлттық конкурсының аудандық кезеңі өткізіледі.

Аталған кезеңге құжаттарды қабылдау ағымдағы жылғы 24 наурыздан бастап 24 сәуір аралығында, өңірлік комиссиялардың отырысы 2023 жылдың 30 сәуірі күні өтеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау Жаңаарқа ауданының ішкі саясат бөлімінде Жаңаарқа кенті, Тәуелсіздік даңғылы, 5 (екінші қабат) мекенжайы бойынша, сондай-ақ, кенттер және ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға отбасы мүшелерінің еңбек, спорт, зияткерлік, шығармашылық, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді қатысатын отбасылар жіберіледі.
Толық ақпаратты кенттер және ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарынан және 8 (710-30)28382 телефоны бойынша алуға болады.

Ұйымдастыру комитеті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *