Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлының қасиетті Рамазан айымен құттықтауы

АРДАҚТЫ АҒАЙЫН!

Сіздерді барша мұсылманның аса ұлық мейрамы, он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол қасиетті РАМАЗАН айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын, ниеттеріңіз қабыл болсын!
ОРАЗА – адамзат баласын шыдамдылыққа, сабырмен қарауға, бардың бағасына жетуге тәрбиелеп, қайырымды болуға шақыратын қадірлі ай.
Бұл — араздасқан жандардың татуласып, көріспеген туыстың табысатын, адамның жүрегіне мол мейірім, бойына қанағат ұялататын ерекше сәт.
Осы кезеңде жасаған қайырымдарыңыз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болып, қасиетті ай әрбір отбасын шапағатына бөлесін!
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Ораза қабыл болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *