САТУШЫНЫҢ (ДАЙЫНДАУШЫНЫҢ, ОРЫНДАУШЫНЫҢ) ТАУАРДЫҢ (ЖҰМЫСТЫҢ, КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІҢ) КЕМШІЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ТҰТЫНУШЫНЫҢ ӨМІРІНЕ, ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) МҮЛКІНЕ КЕЛТІРІЛГЕН ЗАЛАЛДЫ (ЗИЯНДЫ) ТОЛЫҚ КӨЛЕМДЕ ӨТЕУ ЖӨНІНДЕГІ МІНДЕТТЕРІ
| САТУШЫНЫҢ (ДАЙЫНДАУШЫНЫҢ, ОРЫНДАУШЫНЫҢ) ТАУАРДЫҢ (ЖҰМЫСТЫҢ, КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІҢ) КЕМШІЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ТҰТЫНУШЫНЫҢ ӨМІРІНЕ, ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) МҮЛКІНЕ КЕЛТІРІЛГЕН ЗАЛАЛДЫ (ЗИЯНДЫ) ТОЛЫҚ КӨЛЕМДЕ ӨТЕУ ЖӨНІНДЕГІ МІНДЕТТЕРІ
ОБЯЗАННОСТИ ПРОДАВЦА (ИЗГОТОВИТЕЛЯ, ИСПОЛНИТЕЛЯ) ПО ВОЗМЕЩЕНИЮ В ПОЛНОМ ОБЪЕМЕ УБЫТКОВ (ВРЕДА), ПРИЧИНЕННЫХ ЖИЗНИ, ЗДОРОВЬЮ И (ИЛИ) ИМУЩЕСТВУ ПОТРЕБИТЕЛЯ ВСЛЕДСТВИЕ НЕДОСТАТКОВ ТОВАРА (РАБОТЫ, УСЛУГИ)
|
1. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауардағы (жұмыстағы, көрсетілетін қызметтегі) құрастыру, рецептілік немесе өзге де кемшіліктер салдарынан не тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы толық емес, дұрыс емес немесе уақтылы берілмеген ақпарат салдарынан тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды толық көлемде өтеуге міндетті, сондай-ақ талап берілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде тұтынушыға зиянды өтеу туралы жауап беруге не тұтынушының талаптарын қанағаттандыру үшін тиісті шаралар қолдануға тиіс.
Оның кінәсіне және тұтынушының онымен шарттық қатынастарда болғандығына немесе болмағандығына қарамастан, келтірілген зиян сатушының (дайындаушының, орындаушының) өтеуіне жатады. 2. Тауардағы (жұмыстағы, көрсетілетін қызметтегі) кемшілік фактісі расталған жағдайда сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауарға (жұмысқа, көрсетілген қызметке) сараптама жүргізумен байланысты тұтынушыға, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне, қауымдастықтарға (одақтарға) келтірілген шығыстарды толық көлемде өтеуге міндетті. 3. Тауардағы кемшіліктерден және тауардың қауіпсіздік нормаларының бұзылуынан туындаған зиян, егер ол тауардың белгіленген жарамдылық мерзімі (қызмет ету мерзімі) ішінде келтірілген болса – өтелуге, ал егер жарамдылық мерзімі (қызмет ету мерзімі) белгіленбесе – тауар өндірілген күннен бастап он жыл ішінде өтелуге тиіс. 4. Тауарларды өндіру (жұмыстарды орындау, қызмет көрсету) кезінде материалдарды, жабдықтарды, аспаптарды және өзге де құралдарды пайдалануға байланысты дайындаушының (орындаушының) ғылыми және техникалық білім деңгейі олардың ерекше қасиеттерін және сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік берген-бермегеніне қарамастан, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген зиян өтелуге жатады. 5. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиян үшін, сондай-ақ егер тауар өтеусіз немесе төмендетілген бағамен берілген,
1. Продавец (изготовитель, исполнитель) обязан в полном объеме возместить вред, причиненный жизни, здоровью и (или) имуществу потребителя вследствие конструктивных, рецептурных или иных недостатков товара (работы, услуги) либо вследствие неполной, недостоверной или несвоевременной информации о товаре (работе, услуге), также в течение десяти календарных дней со дня подачи требования должен дать ответ потребителю о возмещении вреда либо принять соответствующие меры для удовлетворения требований потребителя. Причиненный вред подлежит возмещению продавцом (изготовителем, исполнителем) независимо от его вины и от того, состоял ли потребитель с ним в договорных отношениях или не состоял. 2. В случае подтверждения факта недостатка товара (работы, услуги) продавец (изготовитель, исполнитель) обязан в полном объеме возместить расходы, понесенные потребителем, общественным объединением потребителей, ассоциацией (союзом), связанные с проведением экспертизы товара (работы, услуги). 3. Вред, вызванный недостатками товара и нарушением норм безопасности товара, подлежит возмещению, если он причинен в течение установленного срока годности (срока службы) товара, а если срок годности (срок службы) не установлен — в течение десяти лет со дня производства товара. Вред, причиненный вследствие недостатков товара, подлежит возмещению по выбору потребителя продавцом или изготовителем товара. Вред, причиненный вследствие недостатков работы или услуги, подлежит возмещению их исполнителем.
|
