ТҰТЫНУШЫЛЫҚ ДАУДЫ СОТҚА ДЕЙІН РЕТТЕУ
| ТҰТЫНУШЫЛЫҚ ДАУДЫ СОТҚА ДЕЙІН РЕТТЕУ
ДОСУДЕБНОЕ УРЕГУЛИРОВАНИЕ ПОТРЕБИТЕЛЬСКОГО СПОРА
|
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 42-8 бабына сәйкес тұтынушы сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) осы Заңның 33-2-бабына сәйкес ол туралы ақпаратты сатушы (дайындаушы, орындаушы) орналастырған, тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу субъектісінің – төреліктің, медиатордың, тұтынушылардың қоғамдық бірлестігінің, қауымдастықтардың (одақтардың) не сатушы (дайындаушы, орындаушы) мүшесі болып табылатын өзін-өзі реттейтін ұйымның қарауына беруді ұсынуға құқылы. Бұл ретте сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушымен келісуге және тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен қарауға қатысуға құқылы. Тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу субъектісінің қарауына тұтынушылық дауды беру туралы келісім жазбаша нысанда ресімделеді. 2. Тұтынушы тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен қарау туралы өтінішті тараптардың тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу субъектісінің қарауына тұтынушылық дауды беру туралы жазбаша келісімі болған кезде тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу субъектісіне жүгіну арқылы немесе Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы беруі мүмкін. Тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу субъектісі тұтынушылардың өтініштерін қарау қорытындылары туралы тоқсан сайынғы ақпаратты уәкілетті органға береді. 3. Тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен қарау осы Заңның және Қазақстан Республикасының төрелік, медиация, өзін-өзі реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Согласно статье 42-8 Закона РК “О защите прав потребителей” потребитель вправе предложить продавцу (изготовителю, исполнителю) передать спор на рассмотрение субъекту досудебного урегулирования потребительского спора — арбитражу, медиатору, общественному объединению потребителей, ассоциациям (союзам) либо саморегулируемой организации, членом которой является продавец (изготовитель, исполнитель), информация о котором размещена продавцом (изготовителем, исполнителем) в соответствии со статьей 33-2 настоящего Закона. При этом продавец (изготовитель, исполнитель) вправе согласиться с потребителем и принять участие в рассмотрении потребительского спора в досудебном порядке. Соглашение о передаче потребительского спора на рассмотрение субъекта досудебного урегулирования потребительского спора оформляется в письменной форме. 2. Обращение о рассмотрении потребительского спора в досудебном порядке может быть подано потребителем путем обращения к субъекту досудебного урегулирования потребительского спора или через Единую информационную систему защиты прав потребителей при наличии письменного соглашения сторон о передаче потребительского спора на рассмотрение субъекта досудебного урегулирования потребительского спора. Субъект досудебного урегулирования потребительского спора предоставляет ежеквартальную информацию об итогах рассмотрения обращений потребителей в уполномоченный орган. 3. Рассмотрение потребительского спора в досудебном порядке осуществляется в соответствии с требованиями настоящего Закона и законодательства Республики Казахстан об арбитраже, медиации, саморегулировании. |
