Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен Ұлытау облысында өткізілетін іс-шаралар туралы БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ
Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының ветеринария саласында қуанышты жаңалық! Ауданға қарасты Талдыбұлақ, Қызылжар, Айнабұлақ, М.Жұмажанов және Байдалы би ауылдық округтерінің ветеринариялық мамандары жаңа «НИВА» автокөліктерінің кілтін алды.Ауыл шаруашылығының, оның ішінде төрт түлік малдың амандығы мен тазалығын қамтамасыз ететін ма мамандар үшін жол таңдамайтын сенімді көлік — үлкен көмек. Енді мамандар шалғайдағы учаскелерге, қыстаулар мен жайылымдарға кедергісіз жетіп, өз міндеттерін жедел әрі сапалы атқара алады.
Негізгі басымдықтар:
🔹 Елді мекендердегі эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
🔹 Ветеринариялық-профилактикалық және емдеу шараларын уақытылы жүргізу;
🔹 Шалғайдағы ауылдарға жедел жеткізілім жасау.
Ауыл амандығы мен мал саулығын күзеткен мамандарымыздың еңбегі жана берсін! Жаңа көліктер ел игілігіне ұзағынан қызмет етсін!
