А. Сейдімбек атындағы мектептің жоғары сынып оқушыларымен «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылып, мазмұнды пікір алмасу өтті.
Шараны Отбасын қолдау орталығының психолог маманы Болатбекова Анар Максутовна жүргізді. Кездесу барысында оқушылармен отбасы құндылықтары, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық, өзара түсіністік және жылы қарым-қатынас жайында ашық әңгіме өрбіді. Сонымен қатар оқушыларға көңілді психологиялық ойындар ұйымдастырылып, еркін форматта пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік берілді.
✨ Осындай кездесулер жасөспірімдердің өз ойын еркін жеткізуіне, бір-бірін түсінуіне және отбасылық құндылықтарды бағалай білуіне ықпал етеді.
Отбасы – сүйіспеншілік басталатын, мейірім мен жылулық тоғысатын мекен!
#ОтбасыБақытМекені #ОтбасыҚұндылығы #Жастар #ПікірАлмасу #ТәрбиеСағаты ОтбасынҚолдауОрталығы
