Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы басшылығының жұмыс жоспарына сәйкес, кәсіпкерлердің мәселелерін тікелей өздерінен естіп, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, оларды шешу жолдарын табу үшін аудандарға жылына екі рет жұмыс сапарымен барады.
✅ Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы басшылығының жұмыс жоспарына сәйкес, кәсіпкерлердің мәселелерін тікелей өздерінен естіп, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, оларды шешу жолдарын табу үшін аудандарға жылына екі рет жұмыс сапарымен барады.
Жұмыс сапары аясында Жаңаарқа ауданына Палата директоры Гүлмира Қаженова және директордың орынбасары Маржан Жауен барды. Жұмыс делегациясы аудан әкімі Қанат Қожұқаевпен және жергілікті кәсіпкерлермен кездесті.
Палата филиалының жұмысы туралы есепті оның директоры Бекболат Жарылғапов ұсынды. Ол кәсіпкерлерді қолдау және сүйемелдеу шаралары туралы айтып, бизнестің дамуындағы оң динамиканы атап өтті. 2026 жылдың 7 айында ауданда 3015 ШОБ субъектісі тіркелген, оның 2915-і — жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар.
✅ «Кәсіпкер әйел» жобасы аясында өткізілген оқыту курстарының қорытындысы бойынша есепті Палата директорының орынбасары Маржан Жауен таныстырды.
✅️ Кездесу барысында кәсіпкерлер бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді:
✅ Рымбеков Саулет — кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың болмауы шаруа қожалықтарына қаржылық қиындықтар туғызып, Жаңаарқа кредиттік серіктестігіне түсетін жүктемені арттырады.
