Кел, төрлет, әз-Наурыз!

Берекесімен, мерекесімен келетін Ұлыстың Ұлы күні ауданымызда әдеттегідей ерекше нақышта тойланып өтті. Ертемен жазғы сахна алаңына қарай ағылған жұрт талай қызықтың куәсі болды. Аудан әкімі Юржан БЕКҚОЖИН аудан тұрғындарын төл мерекемен құттықтады.

Мәдениет үйі қызметкерлері және мектеп мұғалімдері бірігіп дайындаған театрландырылған көріністе тарихқа шегініс жасап, өнер марқасқалары атанған тұлғалардың бейнесімен таныс болдық. Сонымен қатар ұлттық мейрамға байланысты салт-дәстүріміз де жарасымды сахналанды.

Бұдан бөлек жастар ресурстық орталығының жауапты болуымен барлық аудан мекемелері ат салысып, азық-түлік салынған қайырымдылық пакеттері таратылды. Жиналған қауымға палау, бауырсақ, наурызкөже тегін таратылды.

Ауыл шаруашылық өнімдерінен жәрмеңке ұйымдастырылды.

Спорт сүйер қауым да қызықтан құр қалған жоқ. Қол күресі, қошқар көтеру, асық ату, күрес секілді ойындарды тамашалады.

Алаңда құрылған киіз үйді тамашалап, алтыбақан тепкен тұрғындар риза кейіппен бір-біріне ақ тілектерін айтты. Бұл мерекенің ойдағыдай өтуіне барлық мекеме ұжымдары бір адамдай атсалысты.

Салтанат Балтабайқызы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *