Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен Жаңаарқа ауданына жұмыс сапарында «Қарағанды–Жезқазған» автожолының реконструкция жұмыстарының барысын бақылап, ауданның әлеуметтік маңызы бар нысандарының жұмысымен танысты.

Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен Жаңаарқа ауданына жұмыс сапарында «Қарағанды–Жезқазған» автожолының реконструкция жұмыстарының барысын бақылап, ауданның әлеуметтік маңызы бар нысандарының жұмысымен танысты.

Ұзындығы 335 шақырымды құрайтын «Қарағанды–Жезқазған» автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстары үш учаскеде жүргізілуде. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына 224 адам және 180 бірлік жол-құрылыс техникасы жұмылдырылған. Техниканы жұмылдыру бекітілген өндірістік жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.

Жол құрылысына қатысты мәселелерді тыңдаған облыс әкімі тиісті қолдау көрсетілетінін айтып, жұмыстардың қарқынын бәсеңдетпей, белгіленген мерзімдер мен сапа талаптарын сақтауды тапсырды.

Сондай-ақ өңір басшысы Қызылжар ауылындағы көпір құрылысының барысын қарап, аталған нысанның көктемгі кезеңдегі маңызына ерекше тоқталды. Көпір құрылысын жыл соңына дейін сапалы аяқтап, пайдалануға беруді тапсырды.

Жұмыс сапары барысында Ералиев ауылдық округіндегі Оспан Әлібаев атындағы мектепке барып, білім ошағының жағдайымен танысты. Мектепке келесі жылы күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді тапсырды.

Бұдан бөлек, Жаңаарқа аудандық ауруханасына барып, мұнда жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын көрді. Сондай-ақ аурухана аумағындағы жаңа корпустың құрылысымен танысты. Қабылдау бөлімін орналастыру жоспарланған корпус пен негізгі аурухана ғимаратының арасында жылы өткел салу көзделіп отыр.

Өңір басшысы Жаңаарқа кентінде жаңадан салынып, пайдалануға берілген дәрігерлерге арналған тұрғын үйге барып сала мамандарымен кездесті. Аймаққа келіп, халыққа қызмет етіп жатқан медицина мамандарына ризашылығын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі ветеринариялық пункт, балабақша және спорт нысандарының жұмысымен танысып, олардың қызметіне қатысты өзекті мәселелерді тыңдады.

Аким области Ұлытау Есет Байкен в ходе рабочей поездки в Жанааркинский район проинспектировал реконструкцию автомобильной дороги «Караганда–Жезказган» и ознакомился с работой социально значимых объектов района.

Реконструкция автомобильной дороги «Караганда–Жезказган» общей протяжённостью 335 километров ведётся на трёх участках.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *