АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Ұлытау облысының әкімі Азия чемпионы, жерлесіміз Владислав Саможоновты жеңісімен құттықтап, арнайы марапаттады! 🇰🇿🏆

Владиславтың халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, биік белесті бағындыруы — туған жері үшін үлкен мақтаныш.

Жас спортшының қажырлы еңбегі, табандылығы мен жеңіске деген жігері өскелең ұрпаққа үлгі болары сөзсіз. Оның жетістігі — Ұлытау өңіріндегі спорттың дамып, дарынды жастардың жаңа биіктерге ұмтылып келе жатқанының айқын дәлелі.

🥇 Жеңісің құтты болсын, Владислав!
Алдағы жарыстарда да көк Туымызды көкке көтеріп, толағай табыстарға жете бер!

🇰🇿 Ұлытаудың ұланы — ел мақтанышы!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *