ЭКО FEST 🌱♻️
Жаңаарқа ауданы, Ералиева көшесінде «ЭКО FEST» экологиялық шарасы жоғары деңгейде, ерекше белсенділікпен өтті! 💚
Шара барысында балалар табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсініп, жиналған пластик қалдықтарды балмұздаққа айырбастады 🍦♻️
Балалардың қуанышы мен белсенділігі ерекше көңіл-күй сыйлады. Әрбір жиналған пластик — қоршаған ортаның тазалығына қосылған кішкентай болса да маңызды үлес. 🌿
Осындай игі бастамалар балаларға экологиялық мәдениетті ерте жастан қалыптастырып, табиғатты аялауға тәрбиелейді.
🌎 Таза орта — жарқын болашақ!
♻️ Қалдықты сұрыптайық!
🌱 Табиғатты бірге қорғайық!
