ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: ЖАҢААРҚАЛЫҚТАР АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ
23 тамыз күні елімізде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтті. Маңызды қоғамдық-саяси науқан Жаңаарқа ауданында да ұйымдасқан түрде өтіп, тұрғындар өз азаматтық таңдауларын жасады.
Сайлау учаскелерінде дауыс беру барысына барлық қажетті жағдайлар жасалып, сайлаушыларды қарсы алу, ақпараттандыру және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. Таңғы уақыттан бастап сайлау учаскелеріне келген аудан тұрғындары өз таңдауларын жасап, ел болашағына қатысты азаматтық ұстанымдарын білдірді.
Сайлау күні Жаңаарқа ауданында ерекше форматтағы іс-шаралар да ұйымдастырылды. Дауыс беруге келген тұрғындарға ұлттық тағамдар ұсынылып, бауырсақ пен қымыздан дәм татқызылды. Сонымен қатар, сайлаушыларды Барыс бейнесіндегі аниматор қарсы алып, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Қоғамдық-саяси науқанға ауданның белгілі спортшылары, еңбек адамдары, жастар, ардагерлер және түрлі сала өкілдері белсенді қатысты. Олар өз таңдауларын жасап, ел дамуына бейжай қарамайтынын көрсетті.
Сайлау – азаматтың өз таңдауын білдіруімен қатар, елдің болашағына деген жауапкершілігін танытатын маңызды қоғамдық үдеріс. Жаңаарқа тұрғындарының белсенді қатысуы олардың мемлекет өміріндегі маңызды мәселелерге деген азаматтық жауапкершілігінің жоғары екенін көрсетті.
Осылайша, Құрылтай депутаттарының сайлауы аудан көлемінде ұйымшылдықпен және жоғары азаматтық белсенділік жағдайында өтті. Сайлау күні әр тұрғынның дауысы ел болашағын айқындауға бағытталған ортақ таңдау үдерісінің маңызды бөлігіне айналды.
