🇰🇿 116 жастағы еліміздегі ең қарт тұрғын өз таңдауын жасады!
🇰🇿 116 жастағы еліміздегі ең қарт тұрғын өз таңдауын жасады!
Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының тұрғыны, еліміздегі ең қарт тұрғын Түймегүл Темірбаева Құрылтай сайлауына қатысып, өз дауысын берді.
15 немересі мен 25 шөбересі бар Түймегүл әже ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық таңдауын жасады.
Ақ жаулықты әже еліміздің болашағы жарқын болсын, ұрпағымыз аман, еліміз тыныш болсын деп ізгі тілегін білдірді.
Ұрпақ амандығы мен ел болашағы – баршамызға ортақ тілек! 🇰🇿
