ЖАҢААРҚА АУДАНЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
ЖАҢААРҚА АУДАНЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Бүгін, 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтуде. Осыған байланысты аудан аумағындағы сайлау учаскелері өз жұмысын бастады.
Сайлау учаскелерінде дауыс беруге қажетті жағдайлар жасалып, учаскелік сайлау комиссиялары азаматтарды қабылдауға дайын.
Әрбір азамат өз таңдауын жасап, елдің болашағына қатысты азаматтық ұстанымын білдіре алады.
🕖 Дауыс беру уақыты: сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін.
Өз сайлау учаскеңіздің нөмірі мен мекенжайын ЖСН арқылы арнайы сервистен анықтауға болады.
Сайлауға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі.
Саналы таңдау – ел болашағына қосылған үлес!
