АУДАН ӘКІМІ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңес барысында аудан жастарына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастарды жұмыспен қамту, олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына жағдай жасау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстар қаралды.

Сонымен қатар, жауапты мекемелердің атқарған жұмыстары тыңдалып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.

Кеңес қорытындысы бойынша жастар саясаты саласындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру және жастардың бастамаларына қолдау көрсету жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Жастар – ауданымыздың дамуына серпін беретін негізгі күш!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *