♻️ ЭКО FEST – ЖАҢА НҰР АУДАНЫНДА!
♻️ ЭКО FEST – ЖАҢА НҰР АУДАНЫНДА!
Жаңаарқа ауданында тазалық пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Жастар ресурстық орталығы «Жаңа Нұр» ықшам ауданында «ЭКО FEST» экологиялық акциясын ұйымдастырды. 🌿
Шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны пластикалық тұрмыстық қалдықтардан тазарту, тұрғындарды тазалыққа шақыру және балалар мен жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Акция барысында балалар пластикалық қалдықтарды жинап, жиналған пластикті балмұздаққа айырбастады! 🍦♻️
Балалар үшін бұл тек пайдалы іс қана емес, көңілді әрі қызықты акцияға айналды. Әрбір жиналған пластик – табиғатты қорғауға қосылған кішкентай үлес! 🌱
Тазалық – әрқайсымыздан басталады!
Қоршаған ортаны бірге қорғайық! 💚
#ЭкоFest #Жаңаарқа #ЖастарРесурстықОрталығы #ТазаҚазақстан #ЭкоАкция ЖаңаНұр ТабиғаттыҚорғайық Жастар
