Рамазан айында Астанада тегін автобус қатынайды

«22 наурыздан бастап қасиетті Рамазан айында арнайы тегін бағдарлар ұйымдастырылады. Сізге ыңғайлы болу үшін бағдарлар тарауих намаз аяқталғаннан кейін қала мешіттерінен бірнеше бағытта жүреді», – деп хабарлады City Transportation Systems компаниясы.

«Республикалық Бас мешіт» мешітінен жүретін автобус бағыты:
«Целинный» ықшам ауданы, Гребной канал, Республика даңғылы;


«Әзірет Сұлтан» мешітінен жүретін автобус бағыты:
«Спутник» супермаркеті, темір жол вокзалы, «Көктал-1, 2» тұрғын үй алабы;

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінен жүретін автобус бағыты:
«Көктал-1, 2» тұрғын үй алабы, темір жол вокзалы, медициналық колледж арқылы өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *