ЖАҢААРҚА ВОКЗАЛЫНДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА
ЖАҢААРҚА ВОКЗАЛЫНДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА
🔹Аудан әкімі аудан орталығындағы теміржол вокзалында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
🔹Аудан басшысы нысанды аралау барысында атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын, құрылыс барысын және белгіленген мерзімнің сақталуын зерделеді. Жауапты мамандар вокзалды жаңғырту аясында қолға алынған жұмыстар жөнінде баяндады.
🔹Теміржол вокзалы – аудан тұрғындары мен жолаушыларға қызмет көрсететін маңызды әлеуметтік нысандардың бірі. Сондықтан мұндағы жөндеу жұмыстарының сапалы орындалуы, жолаушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай қалыптастыру – басты талаптардың бірі.
🔹Аудан әкімі жөндеу кезінде құрылыс сапасына ерекше мән беріп, барлық жұмыстың белгіленген талаптарға сай жүргізілуін тапсырды. Сонымен қатар нысанның сыртқы келбетімен қатар, ішкі инфрақұрылымының да талапқа сай болуы қажеттігін атап өтті.
🔹Жауапты тұлғаларға жұмыстарды белгіленген кестеден кешіктірмей аяқтап, абаттандыру мен тазалық мәселелерін де назардан тыс қалдырмау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Жаңарған вокзал аудан тұрғындары мен теміржол жолаушылары үшін жайлы жағдай қалыптастырып, Жаңаарқа кентінің сәулеттік келб�
