ӘР ДАУЫС – ЖАУАПТЫ ТАҢДАУДЫҢ КӨРІНІСІ

ӘР ДАУЫС – ЖАУАПТЫ ТАҢДАУДЫҢ КӨРІНІСІ

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасында Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл – әр азаматтың өз азаматтық ұстанымын білдіріп, елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуына мүмкіндік беретін маңызды күн.

Сайлау – халықтың өз пікірін білдіруінің нақты жолы. Әрбір сайлаушы дауыс беру арқылы елдің болашағына қатысты өз көзқарасын білдіріп, қоғамның дамуына өзіндік үлесін қоса алады. Сондықтан сайлауға қатысу – азаматтық құқықты жүзеге асырумен қатар, ел алдындағы жауапкершілікті сезінудің белгісі.

Құрылтай депутаттары қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланысты нығайтып, халықтың ұсыныстары мен талап-тілектерін жеткізуге ықпал етеді. Осы ретте сайлаушылардың кандидаттардың бағдарламаларымен танысып, олардың ұстанымдарын салыстырып, өз таңдауын саналы түрде жасауы маңызды.

Сайлауалды кезеңде ақпараттың анықтығына да ерекше мән берген жөн. Қоғамдық пікірге әсер ететін түрлі мәліметтерге сүйенбей, ресми және сенімді ақпарат көздерінен алынған деректерді басшылыққа алу – дұрыс шешім қабылдаудың негізі.

Әр азаматтың таңдауы әртүрлі болуы мүмкін. Ең бастысы – өз пікірін еркін білдіру, өзгелердің таңдауына құрметпен қарау және азаматтық құқығын пайдалану.

23 тамыз күні әр сайлаушы өз сайлау учаскесіне барып, заңнамада белгіленген тәртіппен дауыс бере алады.

Ел болашағы – әр азаматтың бүгінгі белсенділігінен басталады. Өз таңдауыңызды жасаңыз, азаматтық ұстанымыңызды білдіріңіз! Әр дауыс – ортақ болашаққа қосылған үлес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *