🔹ӨМІРІ ӨНЕГЕ, ӨМІРІ МҰРА
Мұқажан Жұмажанов ауылының 90 жылдығына орай, елге еңбегі сіңген тұлғалар – Мұқажан Жұмажанов пен Мәмен Сейфоллақызының өнегелі өмір жолына арналған тағылымды кеш ұйымдастырылды.
Тағылымы терең шараны ел азаматы Елбек Жұмажанов ұйымдастырып, кейінгі ұрпаққа тарихи тұлғалардың өмірі мен елге сіңірген еңбегін насихаттауға мән берді.
Кеш барысында Мұқажан Жұмажанов пен Мәмең анасының ел тарихындағы орны, өнегелі ғұмыры мен кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани мұрасы кеңінен сөз болды.
Осындай тағылымды шаралар – өткенді ұлықтап, елге қызмет еткен азаматтардың есімін дәріптеу арқылы ұрпақ сабақтастығын жалғастырудың жарқын үлгісі.
