«Қарасора» — заңсыз айналымға жол жоқ
Жезқазған ст.КПБ-нің Қызылжар ст. КПб -нің қызмет көрсету аумағында 2026 жылдың 01 маусым — 31 қазан айының аралығында үлкен ауқымды көлемде “Қарасора” жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты — құрамында есірткі заттары бар өсімдіктердің заңсыз егілуі мен өсірілуінің, сондай-ақ есірткі құралдарын дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізудің жолын кесу.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтарды есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар кез келген әрекеттен аулақ болуға шақырады. Есірткінің заңсыз айналымы адам денсаулығына ғана емес, қоғамның қауіпсіздігіне де үлкен қауіп төндіреді.
Есірткі қылмысының алдын алу — баршамызға ортақ міндет. Заңды сақтау — қауіпсіз қоғамның негізі!
Т.А.Нұрланов,
Қызылжар ст. КПб нің бастығы
полиция капитаны