Бүгін Жезқазған қаласында Абай күніне арналған «ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ…» атты музыкалық-әдеби іс-шара өтті.

⚜️Бүгін Жезқазған қаласында Абай күніне арналған «ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ…» атты музыкалық-әдеби іс-шара өтті.

⚜️ Іс-шара «Абай үні» атты театрландырылған поэтикалық композициямен бастау алды.

⚜️Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Бұл – қазақтың ұлы ақынына деген құрмет пен тағзымның, оның мол рухани мұрасына деген сүйіспеншіліктің белгісі.

⚜️Шара барысында Абайдың шығармашылығы кеңінен дәріптеліп, ақынның өлеңдері мен әндері орындалды.

⚜️Кештің ерекше бөлімі – «Ашық микрофон» айдарында қатысушылар Абайдың жүректеріне жақын шығармаларын мәнерлеп оқып, ұлы ақынның мұрасы туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті.

⚜️Абай күні құтты болсын жерлестер!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *