Жеңімпазға құрмет – жастарға үлгі

🔹26-маусым күні жерлесіміз Ислам Мақажанов Самбодан Азия және Окенаия чемпионатында 80 кг салмақта Азия чемпионы атанған болатын.

🔹Бүгін аудан әкімі Қанат Қожықаев спортшыны арнайы қабылдап, айтулы жеңісімен құттықтады. Кездесу барысында халықаралық додада ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсеткені үшін алғыс білдіріп, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі.

🔹Қабылдау соңында аудан әкімі спортшыға құрмет көрсетіп, естелік сыйлық табыстады. Кездесу жас спортшыларды жігерлендіріп, бұқаралық спортты дамытуға серпін беретін тағылымды шараға айналды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *