Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен Жезқазған қаласының Бас жоспарымен танысып, облыс орталығын кешенді дамытуға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
Бас жоспармен танысу барысында облыс әкімі жаңа ауданда әлеуметтік, мәдениет, спорт және денсаулық сақтау нысандарының құрылысын қарқынды жүргізу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ өңір басшысы инженерлік желілер мен жол инфрақұрылымын дамыту, тұрғын үй алаптарында қолайлы жағдай жасау жұмыстарының маңыздылығына назар аударды.
Сонымен қатар өңір басшысы қаланың бірқатар шағынауданы, көшелері және әлеуметтік әрі инженерлік инфрақұрылым нысандарын аралап, олардың санитарлық жағдайын, абаттандырылуын және сәулеттік келбетін бағалады. Қалалық ортаны заманауи талаптарға сай қалыптастыру, қоғамдық кеңістіктердің қолайлылығын арттыру және тазалықты жүйелі түрде қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер айқындалды.
Бұдан бөлек, облыс әкімі көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жолдарды асфальттау жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Сондай-ақ бос тұрған және толық пайдаланылмай отырған ғимараттарды тиімді іске жарату, олардың әлеуетін өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағыттау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Облыс әкімі Есет Байкен атқарылатын барлық жұмыстың Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының қағидаттарына толық сәйкес жүзеге асырылуы тиіс екенін ерекше атап өтті.
__
Аким области Ұлытау Есет Байкен ознакомился с Генеральным планом города Жезказган и дал ряд соответствующих поручений, направленных на комплексное развитие областного центра.
В ходе ознакомления с Генеральным планом аким области подчеркнул необходимость активизировать работу по строительству объектов социальной, культурной, спортивной и медицинской инфраструктуры в новом районе. Также глава региона отметил важность развития инженерных сетей и дорожной инфраструктуры, а также создания лучших условий в жилых массивах города.
Также глава региона посетил ряд микрорайонов, улиц и объектов социальной и инженерной инфраструктуры города, оценив их санитарное состояние, уровень благоустройства и архитектурный облик. Обозначены конкретные задачи по формированию современного городского пространства, повышению комфорта общественных территорий и обеспечению системного поддержания чистоты.
Кроме того, аким области поручил обеспечить качественное и своевременное проведение работ по асфальтированию дорог в целях улучшения транспортной инфраструктуры.
Также были даны соответствующие поручения по эффективному использованию пустующих и не в полной мере задействованных зданий, а также по вовлечению их потенциала в социально-экономическое развитие региона.
Аким области Есет Байкен особо подчеркнул, что вся проводимая работа должна осуществляться в полном соответствии с принципами концепции «Таза Қазақстан», инициированной Главой государства
