Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері туралы

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін ұсыну мен дауыс беру күні арасындағы кезеңде азамат өзінің болатын жерін ауыстырған кезде учаскелік сайлау комиссиясы азаматқа дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін табыс етеді. Есептен шығару куәліктерін азаматтар дауыс беру күні болатын жерін ауыстырған кезде өздерінің жазбаша өтініші негізінде учаскелік сайлау комиссиядан ала алады. Есептен шығару куәлігі бір елді мекен шегінде басқа учаскеде дауыс беруге қатысқысы келетін азаматтарға берілмейді. Жоғалып қалған есептен шығару куәліктері қалпына келтірілмейді. Есептен шығару куәліктерінің телнұсқалары берілмейді. Есептен шығару куәліктерін беру 2026 жылғы 22 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18-де тоқтатылады. Дауыс беру кезінде азамат есептен шығару куәлігін және жеке басын куәландыратын құжатын ұсынады (соның ішінде электрондық нұсқа). Учаскелік сайлау комиссиясы азаматты сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне еңгізеді және дауыс беруге арналған бюллетень береді. Есептен шығару куәлігі бір рет пайдаланылады және азамат дауыс берген учаскеде қалады. Болатын жері өзгерген кезде азамат басқа сайлау учаскесінде дауыс беру үшін есептен шығару куәлігін ала алады.

М.А.МҰҚАТАЕВ,
Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *