Аймақ басшысына Жезқазған-Қарағанды автожолындағы жұмыстардың барысы таныстырылды
Берік Әбдіғалиұлы Жезқазған қаласын аралап шықты. Өңір басшысын Жезқазған-Қарағанды автожолында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды.

2022 жылы «Қазақмыс» корпорациясы өз қаражаты есебінен Қарағандыдан Қызылордаға өтетін транзиттік көлік құралдары үшін Жезқазған-Қарағанды автомобиль жолының ұзындығы 987 метр учаскесін салды.

Қазіргі уақытта нысанды Жезқазған қаласының коммуналдық меншігіне беру және ағымдағы жылдың наурыз айының соңына дейін ашу жұмыстары жүргізілуде.