УДАН ӘКІМІ «АЛТЫН» ЖӘНЕ «КҮМІС» АЛҚА ИЕЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ

🔹 Аудан әкімі Қанат Қожықаев көпбалалы аналарды арнайы қабылдап, Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 17 маусымдағы №1320 Жарлығына сәйкес «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын салтанатты түрде табыстады. Салтанатты шараға ауданымыздың әр ауыл округтерінен келген ардақты аналар қатысып, отбасы құндылықтарын дәріптеп жүрген аналарға ерекше құрмет көрсетілді.
Іс-шара барысында аудан әкімі аналарды құттықтап, олардың қоғамдағы орны мен ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегінің маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар көпбалалы аналардың ел демографиясын арттыруға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосып отырған үлесі жоғары бағаланатынын жеткізді.

«Алтын алқа» -Үмбетжанова Айсұлу
«Алтын алқа» — Кусайынова Бақытгүл
«Алтын алқа» — Cартбасова Айгерим Бекетқызы
«Күміс алқа» — Шалхарова Айгуль
«Күміс алқа» — Мейрманова Асем
«Күміс алқа» — Имаганбетова Толқын
«Күміс алқа» — Касымбекова Айган

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *