ИНДОНЕЗИЯ ЕЛІНІҢ ТӨРІНДЕ КӨК БАЙРАҒЫМЫЗДЫ ЖЕЛБІРЕТКЕН ЖЕРЛЕСІМІЗ 🥇 АЗИЗА – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!
Индонезияның астанасы Джакарта қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында жерлесіміз Азиза Исина зор жетістікке қол жеткізді.
23 жасқа дейінгі қыздар арасындағы 70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Азиза барлық қарсыласын жеңіп, Азия чемпионы атанды!
🏆 Алтын жүлдең құтты болсын, Азиза! Еліміздің абыройын асқақтатып, көк Туымызды биікте желбірете бер! Алдағы халықаралық додаларда да толағай табыстар тілейміз!
