ЖАҢААРҚА ҚЫМЫЗЫ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА
🔹10 000 литр Жаңаарқа қымызын бір мезетте 1000 күбіге құйып пісіп, Қазақстанның әрі әлемдік Гиннестің рекордтар кітабына енген ауданымыз бүгін елорданың төрінде үлкен жүлделерге ие болды.
🔹Жерлестеріміз «BaiQymyz-2026» халықаралық гастрофестивалінде Қазақстанның әр өңірінен келген 60-қа жуық қымыз өндірушілермен бақ сынасып, келесі марапаттарды жеңіп алды.
🏆«Ең үздік қымыз» негізгі байқауының Қола жүлдегері «Qarakush» қымызы (1млн. теңге);
🏆«Ем қымыз» номинациясы бойынша «Баянның бал қымызы» Алтын жүлдегер (5 млн.теңге);
🏆«Ләйлә» өнімі – «Қымыз серті» номинациясымен (500 мың теңге).
🔹«BaiQymyz-2026» халықаралық гастрофестивалінде топ жарып, ұлттық құндылығымыз бен төл сусынымыздың дәріптелуіне өлшеусіз үлес қосқан жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
