Берік Әбдіғалиұлы Жезқазған қаласының айналма автожолындағы жол өтпесіне барды
Облыс орталығын аралау барысында өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы Жезқазған қаласының айналма автожолындағы жол өтпесіне барды.
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның Жезқазған қаласының бірыңғай автожолында жол өтпесін салу жобасы 2015 жылы аяқталмай қалды.
Ұлытау облысының әкіміне ағымдағы жылы «КАЗЦЕНТРНАЛАДКА» ЖШС тарапынан жол өтпесінің техникалық жай-күйі зерттеліп, сараптамалық қорытынды берілгені баяндалды. Бұдан басқа, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-мен меморандумға сәйкес, жол өтпесін салу бойынша орындалмаған жұмыстарға жобалау-сметалық құжаттама түзетіліп, мемлекеттік сараптамадан өтетін болады.
ЖСҚ әзірлеу аяқталғаннан кейін мердігерлік құрылыс ұйымын айқындау үшін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жарияланады. Бұл жобаны іске асыру 2023 жылға, аяқтау – 2024 жылға жоспарланған.