Сайлаушылар тізімі қалай жасалады

Сайлаушылардың тізімдерін тұрғылықты жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы орган жасайды.

Сайлауға қатысу үшін азаматтарды тізімге енгізудің негізгі шарттары:

Жас мөлшері: Дауыс беру күніне дейін 18 жасқа толу.

Құқықтар: Белсенді сайлау құқығының болуы және тиісті сайлау учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелу.

Бірегейлік: Азамат тек бір ғана сайлаушылар тізіміне енгізіледі.

Уақытша тіркелген азаматтар үшін: Егер сіз уақытша тіркеуде тұрсаңыз, дауыс беру үшін тиісті әкімдікке өтініш беруіңіз керек. Мұндай өтініштер дауыс беру күніне дейін 30 күннен кешіктірмей немесе 2026 жылғы 23 шілдеге дейін беріледі. Әкімдік азаматты дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне еңгізуді және оны тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен шығаруды ұйымдастырады.

Тізімді тексеру: 2026 жылғы 7 тамыздан бастап сайлаушыларға жергілікті әкімдіктің интернет-ресурсы немесе бірыңғай байланыс орталықтары арқылы нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізімінде өзі туралы деректерді тексеру мүмкіндігі болады. Сайлаушыларға қолайлы болу үшін электрондық сервистер арқылы сайлау учаскесі туралы хабарландыру ұйымдастырылады.

Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                             М.А.Мұқатаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *