Мүмкіндігі шектелгенмен, құқығы шектелген жоқ

Бүгінгі Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауында кенттің мүмкіндігі шектеулі жандары да өз дауыстарын берді.

Арнайы мобильдік топ сайлаушылардың үйіне тасымалдау жәшігі мен бюллетеньдерді алып барып, өз таңдауларын жасаулары үшін мүмкіндік берді.

Көкірегі ояу, көңілі зерек, санасы сергек қариялар елдегі әр жаңалыққа құлақ түріп, зейін қойып, елеңдеп отырады. Барлығының арманы – ұрпақтың бейбіт елде, тыныш заманда бақуатты тіршілік етуі.

– Денсаулығыма байланысты дауысты үйден бердім. Бұл – менің ел болашағы, балаларым мен немерелерімнің жарқын келешегі үшін жасаған таңдауым. Ұрпағымыз аман болсын! Ауданымыз көркейе берсін!, – дейді аудан тұрғыны Жақсыбала Жекебаева.

Қарттарымыз жерлестерінің Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына белсенді қатысуына зор ынта беріп, үлкен үлгі көрсеткендей.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *