«Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік

Ел Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға және туған жердің тазалығын сақтауға бағытталған маңызды жоба болып табылады.

Аталған бастама аясында Жаңаарқа ауданында тұрақты түрде сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер, саябақтар, қоғамдық орындар мен елді мекен аумақтары қоқыстан тазартылуда. Бұл жұмыстарға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар, еріктілер және аудан тұрғындары белсенді қатысуда.

Тазалық – тек бір күндік науқан емес, ол әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Қоршаған ортаны таза ұстау, ағаш отырғызу, табиғатты қорғау және тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға шығару – әрбір тұрғынның азаматтық парызы.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстар ауданның көркеюіне, экологиялық жағдайдың жақсаруына және тұрғындардың өмір сүру сапасының артуына оң әсерін тигізуде.

Таза қоршаған орта – дені сау ұрпақтың кепілі. Сондықтан туған жеріміздің тазалығын сақтау баршамыздың ортақ міндетіміз. «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысып, ауданымыздың гүлденуіне өз үлесімізді қосайық!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *