«Таза табиғат — жарқын болашақ»

«Таза Қазақстан» – елімізде қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жалпыұлттық акция. Бұл бастама аясында тұрғындар сенбіліктерге қатысып, көшелерді, саябақтарды, өзен-көл жағалауларын қоқыстан тазартады. Сонымен қатар ағаш отырғызу және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Акцияның негізгі мақсаты – табиғатты аялауға шақыру, азаматтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру және елді мекендердің тазалығын сақтау. «Таза Қазақстан» шарасына мемлекеттік қызметкерлер, жастар, еріктілер және қарапайым тұрғындар белсенді қатысуда. Бұл бастама қоғамда тазалық мәдениетін нығайтып, туған жердің көркеюіне үлес қосуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *