САНА ТАЗАЛЫҒЫ – ЕЛ ТАЗАЛЫҒЫ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ТҰРҚЫНДАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САЛТЫНА АЙНАЛДЫ.
Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жай ғана маусымдық науқан шеңберінен шығып, жалпыұлттық мәдени қозғалысқа ұласты. Бүгінде бұл жоба қоршаған ортаны қоқыстан тазартудың тиімді құралы ғана емес, қоғамның экологиялық санасын түбегейлі өзгертудің басты тетігі болып отыр.Миллиондарды біріктірген қозғалыс Ресми деректерге сүйенсек, ауқымды эко-бастама басталғалы бері оған 6,5 миллионнан астам отандасымыз белсене қатысқан. Шара аясында еліміз бойынша 2 миллион тоннадан астам қоқыс жиналып, 5 миллион түптен астам ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл көрсеткіштер эко-акцияның шынайы халықтық сипат алғанын және тұрғындардың туған жер табиғатына деген жанашырлығын айқын көрсетеді.
Сандық технологиялар және жаңа трендтер«Таза Қазақстан» жобасының басты ерекшелігі – оның заманауи технологиялармен ұштасуы. Қазіргі таңда іске қосылған @TazaQazBot Telegram-боты арқылы республика бойынша 41 мыңнан астам өтінім қабылданып, орындалды. Кез келген азамат өзі тұратын аймақтағы экологиялық заңбұзушылықты суретке түсіріп, тікелей жауапты органдарға жолдай алады. Бұл – азаматтық қоғам мен билік арасындағы тікелей байланыстың жарқын үлгісі.Сонымен қатар, экология саласы қазіргі жастар арасында үлкен трендке айналды. Мәселен, елордада өткен «Astana Half Marathon» марафонының қатысушылары жүгіру барысында мусор жинау (плоггинг) арқылы эко-акцияға қолдау көрсетті.
«Таза Қазақстан» акциясы бізге тазалықтың тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін ұғындырды. Президент атап өткендей, бұл жұмыс үнемі жүргізіліп, күнделікті өмір салтымызға айналуы тиіс. Өз ауламызды, өз көшемізді таза ұстау арқылы біз мемлекеттің гүлденуіне және жарқын болашағымызға үлкен үлес қосамыз