🏆 Жаңаарқаның тумасы Бексұлтан Темірғалиев – Amateur Olympia Spain 2026 турнирінің абсолютті чемпионы!

Қазақстандық спортшы Бексұлтан Темірғалиев Испаниянын Аликанте қаласында 6-7 маусым күндері өткен Amateur Olympia Spain 2026 халықаралық турнирінде ерлер дивизионы бойынша барлық қарсыластарын басып озып, абсолютті жеңімпаз (Overall Winner) атанды.

Ол өз санатында топ жарып қана қоймай, жалпы есепте де үздік шығып, кәсіби спортшылар қатарына жол ашатын IFBB Pro Card иегері атанды.
Бұл – қазақстандық бодибилдинг спорты үшін үлкен жетістік әрі ел мерейін асқақтатқан тарихи жеңіс.

Бексұлтан Темірғалиевті Испанияда өткен «Amateur Olympia Spain 2026» турниріндегі тарихи жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бексұлтанның елімізде алғаш рет айтулы додада 650 адам арасында абсолютті чемпион атанып, IFBB Pro Card иегері болуы – тарихи оқиға.

Бұл табандылық пен тынымсыз еңбектің жемісі. Бұл жетістік – барша қазақстандықтар үшін зор мақтаныш. Спортшының алдағы кәсіби спорт жолында толағай табыстар, жаңа белестер мен жеңісті күндер тілейміз! Еліміздің көк байрағын әлемдік ареналарда биіктете беруіңізге тілектеспіз! 🇰🇿🏆💪

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *