Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ұлытау облысында «Рәміздер рухы – Конституция күші!» атты салтанатты Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті.

Айрықша мәнге ие мерекелік іс-шараға облыс әкімі, мемлекеттік органдардың басшылары, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, әскери қызметшілер, еңбек ардагерлері мен қала тұрғындары қатысты.

Салтанатты рәсім барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көкке көтеріліп, Мемлекеттік Әнұран асқақтай шырқалды. Жиналған қауымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаған облыс әкімі Дастан Рыспеков Тәуелсіз Қазақстанның басты нышандары саналатын Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның ел бірлігі мен ұлттық рухты нығайтудағы тарихи маңызына ерекше тоқталды.

«Биылғы мерекенің тағылымдық мәні терең. Жалпыұлттық референдумда қабылданған Ата Заңымыздың маңызын айшықтау мақсатында бұл күн «Рәміздер рухы – Конституция күші» тақырыбымен өтіп отыр. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – жай ғана ресми белгілер емес, олар – Тәуелсіздігіміздің тұғыры, ел бірлігінің айғағы, заң үстемдігі мен әділетті қоғамның символы», – деді Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков.

Мерекелік шара аясында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Патриоттық әндер шырқалып, көпшілікке арналған мазмұнды мәдени бағдарлама ұйымдастырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *