Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық челлендждер өтті

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Ұлытау облысының бірқатар өңірлерінде жастардың қатысуымен тазалық пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Сәтбаев қаласында «Таза қала – жарқын болашақ» атты жастар челленджі өтті. Іс-шара барысында жастар қала тазалығын сақтаудың маңыздылығын насихаттап, қоғамдық орындарды таза ұстауға шақырды. Қатысушылар «Таза орта – жарқын болашақ!», «Тазалық өзімізден басталады» ұрандарын қолдап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында белсенділік танытты.
Сонымен қатар, Жаңаарқа ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза аллея» челленджі ұйымдастырылды. Шара барысында жастар аллея аумағын тазалап, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосты. Қатысушылар туған жердің тазалығын сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.
Экологиялық акциялардың негізгі мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды дәріптеу және қоғам назарын тазалық мәселесіне аудару.
Шараға қатысушылар табиғатты қорғау, тазалық сақтау жәнеэкологиялық қауіпсіздік мәселелеріне бейжай қарамауға шақырып, әлеуметтік желілерде #ТазаОрта және #ТазаҚазақстан хэштегтерімен ақпараттық материалдар жариялады.
Мұндай бастамалар жастардың азаматтық белсенділігін арттырып қана қоймай, туған жерге деген жанашырлық пен жауапкершілік сезімін нығайтуға ықпал етеді.
#ТазаОрта #ТазаҚазақстан #экология #тазалық #ҰлытауОблысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *